HALYQLINE.KZ Әйел – нәзіктік пен сұлулықтың символы! Отбасының бақыты мен ұйытқысы! Қазір ерлермен етене, үзеңгілес бір қызметте нардың жүгін көтеріп жүрген нәзікжандылар аз емес. Әсіресе, мемлекеттік қызметте, спорт саласында, ауыл шаруашылығында, тіпті, өндіріс орындарында абыройлы еңбек ететін қыз-келіншектер жетерлік. Солардың қатарына Нұрмаханова Сандуғаш Арынқызы ерекше атап өтуге болады.
Әңгіменің әлқиссасын бүгінгі кейіпкеріміздің өмір жолынан бастасақ, 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Өртке қарсы департаментінен бастаған нәзікжанды аруымыз өртке қарсы қызмет капитаны шенімен, бүгінде осы қызметтің құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы ретінде атқарып келеді. Талай жасқа үлгі болған Сандуғаш жылдар бойы жинаған тәжірибесін жастарға үйретуден жалыққан емес.
Құжат айналымында 14 жыл жауапты қызмет атқарған ол «мұқият болу және жедел әрекет ету жеткіліксіз» деп есептейді. Жұмысына жауапты әрі байсалды қарайтын Сандуғаш Нұрмаханова «түрлі хаттарды тіркеу, анықтама беру, жұртшылықтың арыз-шағымына құлақ асу сынды міндеттерді мінсіз орындау маңызды» дейді.
Сандуғаш 2007 жылы өмірлік жары Сайранбек Узақовпен жанұя құрды. Бүгінде екі бірдей ұл тәрбиелеп отырған аяулы жар, ардақты ана. Әр күнін бақытқа теңейтін нәзік жанымыз, 8 наурыз мерекесін ерекше көңіл күйде өткізілетін айтады.
Сондай-ақ, Қызмет барысында бірнеше рет басшылық тарапынан алғыс хаттармен марапатталған Нұрмаханова Сандуғаш Арынқызы 2017 жылы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккердің дипломы және азаматтық қорғаныс органдарының мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!