HALYQLINE.KZ 9 маусым күні Halyqline.kz сайтына Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Қазақстан Республикасының балық шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нәжмәдин Мұсабаевтың «САРАТС жобасы екінші фазасының басталмауы – ұрпақ алдындағы кешірілмейтін күнә» атты мақаласы жарияланған болатын. Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың назарына ұсынылған материалдың маңыздылығы өте жоғары. Осыған орай, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы кері байланысқа шығып, өз уәжін білдіріп, жауабын жазды.
Құрметті Нәжмәдин Түрікпенұлы!
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасыныңіске асырылуына қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.
Өзіңізге белгілі, Сарышығанақ шығанағында құрылыстар кешені бойынша туындаған келіспеушіліктерге және өзбек тарапының ұстанымына байланысты, жобаны жүзеге асыру мерзімі созылғандығын атап өтеміз.
САРАТС-2 жобасына 8 компонент енгізілген (I кезеңде 6, II кезеңде 2 компонент).
Қазіргі таңда, жобаның бірінші кезеңіндегі 6 компоненттің 4-еуін (Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету және Қызылорда су торабын қайта жаңғырту, Қазалы ауданында Бірлік елді мекені тұсында көпір салу) республикалық бюджет есебінен іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасының 4 компоненті республикалық бюджет есебінен жүзеге асатындығына байланысты, Сырдария өзенінің қазақстандық бассейні мен Солтүстік Арал теңізін кешенді дамытудың жаңа жолын ұсынып, жаңа «Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және аумақтық дамыту Бағдарламасы» жобасына Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған бірнеше компоненттер енгізілді.
Жобаның ТЭН-ін әзірлеуге Дүниежүзілік Банк грант бөлуді қарастыруда. Бұл ретте, жобаның ТЭН-ін әзірлеу барысындакомпьютерлік модельдеу арқылы Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың бір немесе екі деңгейлі нұсқалар бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады. Сонымен бірге, жобаның қоғамдық тыңдауында өз пікірлеріңізді білдіруіңізге болатындығын хабарлаймыз.
Жалпы, облыс әкімдігі «Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру және аумақтық даму» жобасын іске асыруды жеделдету бойынша жобаның үйлестірушісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен жұмыстар атқарылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!