Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

4 пайыздық авто несие: Жаңа жобаның жолы бола ма?

15.11.2023, 11:40 381

HALYQLINE.KZ

Қазақстан экономикасының көлік өнеркісібі саласы ең қиын салалардың бірі, өзімізде жасалған авто өндірісін жолға қоямыз деп қаншама қаражат талантараж болды.

Оған дәлел ретінде 4 пайыздық авто несие, күйреген АзияАвто жобасы, Бипек авто, қашып кеткен Балушкин. Кезінде Deo компаниясының Өзбекстанға дейін елімізде авто өндіріс саласын толық модернизациялаймыз деп инвестиция құюға келгенін де айтпаса болмайды.

Біздің шенділердің пара сұрағанына бола, «біз сендерде толық өндіріс циклін қояйық деп тұрмыз, сіздер болсаңыздар тағы ақша сұрайсыздар» деп, көрші елге барып, ол жақтағы авто өндірісті толық модернизациядан өткізгені де бұл саланың Қазақстан үшін сабағы мол болды деп ойлаймын.

Енді кореялық KIA компаниясы Қостанайда толық циклді зауыт салатыны айтылып жатыр. Зауыт 2025 жылы іске қосылып, 1500 жоғары ақылы жұмыс орны ашылады. Жылына 70 мың көлік шығарылады деген мәліметтер айтылуда. Осы сандарды есімізде сақтап алуымыз қажет деп есептеймін.

Егер жоба нәтижелі жүзеге асса, автокөліктерді Ресей нарығына шығаруды көздеп отырған көрінеді. Тек ішкі нарыққа емес, көрші елге өткізуді көздегендері дұрыс деп есептеймін. Одан экспорттық әлеуетіміз артады, теңгеміздің тұрақтылығына да ықпал етеді. Жобаға серіктес болып отырған Allur компаниясы қазірдің өзінде біраз өнімін көрші елге экспорттайды екен.

Егер жоғарыдағы мәліметтер рас болып, жұмыс орындары ашылып жатса, елімізде авто өндірісінің толық циклі қойылса, онда бұл сала модернизациядан өтті деуге болады. Әрі ел экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз. Қостанай өңірінде мұндай жобалардың басталып жатқаны, әрине, қуантады.

Бірақ бұл бұған дейінгі сәтсіз жобалардың бірі болып, ертең мемлекеттік бюджеттен 4 пайыздық авто несие сияқты аталған зауыттың өнімдерін қолдау керек деп халық жинаған қаражатты аудару сценариі жүріп жатса, онда халық болып, азаматтық қоғам болып ондай әрекеттерге жол бермеуіміз қажет деп есептеймін.

Мақсат  ХАЛЫҚ,

экономист,  сарапшы.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: