Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сәресі мен ауызашарда оқитын дұғалар

01.03.2025, 8:33 23

Сәресі мен ауызашарда оқитын дұғалар

Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оразаның өз әдебі бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай сәресі мен ауызашар кезінде айтылатын дұғаны жариялады.

Сәресіде айтылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашарда оқылатын дұға:

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, Алла қаласа сауабы да қалды».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: