HALYQLINE.KZ Кезінде Мисс Қызылорда-2017 атанған Гүлнұр Нұртаза қазір қаладағы кафелердің бірінде пияз аршып, ыдыс жуып жүр екен.
Гүлнұрдың таныстарының айтуынша, 19 жастағы ару қыз әке-шешесіз қалып, қазір өз күнін өзі көріп жүрген сияқты. Екі жыл бұрын әкесінен, екі ай бұрын шешесінен айырылыпты.
Енді Гүлнұрдың тәуір жұмысқа тұруына асқан сұлулығы кедергі болады деп кім ойлаған? Қазақстандағы бастық әйелдердің Гүлнұрдай жас аруды жұмысқа алғаны – өзіне ор қазғаны. Жолатпайды екен. Құдай бетін ары қылсын, ертең бұл қыз күйеулерінің көзіне түссе, өздері далада қалатын қауіп бар өйткені. Ал еркек бастықтар жұмысқа алуды емес, бірден интимін ұсынып, ақшамен арбауға кіріседі. Бірақ қазақтың жас қызы қазіргі жемқорлар дәуірінде өмірден адаспай, қалталы еркектерге арын сататындардың қатарынан емес екен.
Аз болса да адал ақша тапқаным артық деген екен. Бұл өмірде бәрін сатып алып үйренген, тым көп асқан қазақ байларына бұл қызымыз бір тосқын қойды осылай.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!