Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері 2000-ға жуық көлік онлайн тіркелген (Видео)

20.02.2023, 11:15 180

HALYQLINE.KZ Әлі де болса автокөлік сатушылар мен сатып алушылар онлайн рәсімдеудің оңай жол екенін ескере бермейді. Сондықтан қала шетіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, уақыт жоғалтады. Сол себепті, автокөлікті сату мен сатып алудағы жеңіл әрекетті жадыңызға бір салып өтейін…

Егер сіз автокөлікті сататын, немесе сатып алатын болсаңыз оны онлайн рәсімдеудің екі жолы бар. Көлік өз атыңызда болса egov.kz порталы арқылы мәселеңізді жедел шеше аласыз. Ол үшін ЭЦҚ арқылы порталға кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімі арқылы қызметке тапсырыс бересіз. Бұл сіздің небары 10-15 минут қана уақытыңызды алады.

Ал, екінші жол – ол бәріміз қолданатын Kaspi.kz қосымшасы. Қосымша ішінде «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы көлік құралын рәсімдеуге болады. Осы қосымша арқылы Мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, Астана көшесі 46 мекен-жайында орналасқан Цифрлық кеңседен көліктің құжаты мен мемлекеттік номерін ала аласыз.Аймақта жыл басынан бері 4 732 көлік құралы бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметі көрсетілген. Олардың ішінде 48 көлік egov.kz порталы арқылы, 1936 көлік Kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімделген. Онлайн рәсімдеу туралы бейне нұсқаулықты төменнен көре аласыздар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз