Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдарияға батып бара жатқан азаматты құтқарды (Видео)

16.05.2022, 12:30 175

HALYQLINE.KZ 15 мамыр күні сағат 17:00 шамасында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзеніне рейд жұмыстарын жүргізу барысында өзенге белгісіз адамның батып, өздігімен жағаға шыға алмай жатқанын аңғарып, күшейтілген рейдте жүрген №°7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қуанышов Бақытжан,
Сайынов Шыңғыс, Қалабаев Нұрлыбектер дереу құтқаруға кіріседі.

Видео сілтемесі міне:

Бақытжан үстіндегі киімін шешіп, суға секіріп, дарияның орта шенінде батып бара жатқан 1973 жылғы азаматты Шыңғыспен бірге жағаға шығаруға ұмтылады. Ал, келесі әріптесі жақын маңнан таяқ іздеп, тауып, көмек қолын созады. Әбден суға тұншыққан азаматқа өрт сөндірушілер алғашқы медициналық көмекті де дер кезінде көрсетеді. Абырой болғанда азамат ажалдан аман қалды.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз