Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық» газетінің жаңа сайты – Halyqline.kz

08.09.2020, 16:00 3888


Halyqline.kz – «Халықтың» жобасы


2000 жылы облыстың мерзімді басылымдарының қатарын республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газеті толықтырды. «Халық – Құдайдың бір аты» екенін ескерген редакция ұжымы әлі күнге дейін өз жолынан тайып, ұстанымынан айнып көрген емес. Биыл 20 жылдығын тойлаған «Халық» газеті заман ағымына, дәуір көшіне орай бейімделген «Halyqline.kz» сайтын іске қосты. Мақсат – қазақтілді журналистиканы дамыту, онлайн-контенттің көкжиегін кеңейту. Бұған дейін, дәлірек айтқанда 2011-2019 жылдар аралығында «Halyk-gazeti.kz» сайты оқырмандарға барынша жедел жаңалық таратып келді. Яғни, газетіміз ақпараттық «айқасқа» әлдеқашан дайын болды. Осы 9 жылдың ішінде газеттен бөлек, сайт та өз оқырмандарын таба білді. Дегенмен, ол сайт онлайн журналистикада ойып тұрып орын алуға қауқарсыздық танытты. Сондықтан және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында жаңа сайт жұмысын бастады.

Иә, жаңа жылда жұмысты «Halyqline.kz» атты сайтпен бастауымыз – оқырман алдындағы жауапкершілігіміздің жоғарылағаны. Өйткені, қазір ақпараттық медиакеңістікте бәсекелестік өте жоғары. Күн сайын ақпараттық порталдар, агенттіктер, сайттар қатары толығуда. Бұл жолда әрқайсысы өзіндік сүрлеуін қалыптастырғысы келетіні анық. Біз де сол мақсатпен, сол соқпақпен ақпараттық алаңға қосылып отырмыз. «Halyqline.kz»-ті жылдам, шынайы, пайдалы әрі қызықты ақпараттардың ортасы еткіміз келеді. Сол жолда жұмыс істеу – біздің мақсатымыз!

Пікірлер:

Шарапат үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: