Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ күн райын қалай болжаған (3-бөлім)

06.02.2021, 12:00 941

HALYQLINE.KZ 

11. ҮРКЕРДІҢ ТОЛҒАҒЫ

Мал-жанға жайлы кезең, шілде айының орта кезінде басталады. Бұл кезде үркер туады, жер құрғап, шөп буыны қатып, сарғая бастайды.

12. ТАРАЗЫНЫҢ ТУУЫ

Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартады, қою бұлт пайда болып, алғашқы күз нышаны біліне бастайды. «Таразы туса – таң суыр» деген мəтел осындайдан шыққан.

13. МИЗАМ ШУАҚ

Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталады, жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі. Осы кездерде күндіз шуақты күндер де болады. Далада ұзынан-ұзақ мизамдар (өсімдік ұлпасынан болатын, сағым іспетті ақ сілбі) шұбатылады. Мұндай жылы мезгілдерді «мизам шуақ» деп атайды.

14. СҮМБІЛЕНІҢ ТУУЫ

Сүмбіле жұлдызының көрінетін мезгілі. «Сүмбіле туса – су суыр» дейді халық қағидасы, яғни қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді, суықты күндер, жауын басталады.

15. ҚАРАШАНЫҢ ҚАЙТУЫ

Қараша айында құс жылы жаққа қайта бастайды. Бұл кезде алғашқы қар түседі, күн салқындайды.

Танымдық материалдың 1-бөлімі мен 2-бөлімін де оқи отырыңыздар…


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: