Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жапон халқының аңызы

29.11.2023, 14:55 276

HALYQLINE.KZ

Адам жұмаққа барғанда Құдай оны зеріктірмес үшін артында қалған отбасын, туыстары мен достарын көруге мүмкіндік беретін терезе ашып қояды. Терезе алдында вазаларда бұтақтарына қоңырау іліп қойған әсем гүлдер өсіп тұрады.

Әлдебір адам оны есіне алғанда, қоңырау соғылады, ол туралы жақсы сөздер айтылса күн жарқырайды, сағынып жылайтын болса жаңбыр жауып, гүлдер бүр жарып, көкті қуантады.

Алғашқы күндері қоңырау жиі соғылады, әдемі сөздер естіледі, артында қалған адамдар жылайды, оның кетіп қалғанына өкінеді.

Бірақ, уақыт өте келе қоңыраудың соғылуы азайып, терезеге күн түспей, ешбір жаңбыр да жаумай, гүлдер қурап жоғалады…

Сондықтан әр адам есіне сақтап, дүниеден өткендер туралы жақсы нәзік сөздер айтып, олардың рухы қараңғыда ұшып жоғалмауын тілейтін сүйіспеншілікке толы жүрегі болуы керек,.

Жұмақта бәрі тыныш болсын. Қоңыраулар шырылдап тұрсын…

Гүлдер мәңгі гүлдей берсін…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: