Бұл туралы ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 желтоқсанда жұмыс істейді.
Содан кейін 3, 4, 5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.
Сурет ашық дерекөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!