Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жекеменшік мектептер жабылады – министр

23.01.2026, 11:50 83

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова талапқа сай жекеменшік мектептер жұмысын жалғастыратынын, ал заң бұзғандар жабылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы BAQ.KZ сайты хабарлайды, деп жазады halyqline.kz тілшісі.

Сүлейменованың сөзінше, заң талаптарына толық сәйкес келетін жекеменшік мектептер өз жұмысын жалғастыра беретін болады. Ал, сапасыз және заңсыз қызмет көрсетіп келе жатқан білім беру ұйымдары жақында жабылады.

– Мемлекет өз міндеттемелерін толық орындайды. Алайда он жылдан бері ғимараттарын мақсатты пайдалануға қатысты құжаттарын заңдастырмаған, сондай-ақ белгіленген талаптарға сай келмейтін жекеменшік мектептер бұдан әрі жұмысын тоқтатады, – деді министр.

Фото: Артем Чурсинов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: