Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Жайлы мектеп” инфрақұрылым толық қамтылды

19.03.2025, 18:31 31

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асу барысы талқыланды. Мәжілісте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
«Республикада алғашқылардың бірі болып, 2024 жылдың қазан айында Қызылорда қаласында 900 орындық мектеп ел игілігіне табысталды. Жыл басында Қызылорда қаласында, Жаңақорған және Арал аудандарында 4 мектеп пайдалануға берілді.
Жақын күндері, Наурыз мейрамы қарсаңында Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық мектеп ашылады. Қалған 4 мектептің құрылысына келсек, Қызылорда қаласы «Арай» мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектептегі жұмыс 53 пайызға, «СПМК-70» шағын ауданындағы 1500 орындық мектепте 35 пайызға, Қызылжарма ауылындағы 600 орындық мектепте 62 пайызға, Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектепте 60 пайызға орындалған. Жайлы мектептер жаңа оқу жылына дейін табысталады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы
Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2023 жылы 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы басталған болатын. Өткен жылға жоспарланған 21 млрд. 300 млн. теңге толық игерілді. Қызылорда облысының әкімдігі инфрақұрылым жеткізу үшін жергілікті бюджеттен бөлген 118,4 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жергілікті бюджеттен 1 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 10 мектепке инфрақұрылым толық жеткізілді. Мектептердің іргелес аумақтарын абаттандыру, жол салу үшін 2 млрд. 80 млн. теңге қаржы қаралды. Мердігерлер анықталып, жұмыс жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының өңірлік жоспары бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.
Аймақта 17 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді, 14 спорт және ойын алаңы салынды. Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде.
Облыс орталығынан бастап барлық елді мекендегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналарыбірыңғай архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.
Өңірде жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Соңғы екі жылда үздікатанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Биыл осы бағытқа 564 млн. теңге бөлініп, жеңімпаздарға 19 коммуналдықтехника берілмек.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: