Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Зерде» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

18.05.2023, 17:40 205

HALYQLINE.KZ Осы жылдың наурыз айында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХVIIІ республикалық «Зерде» конкурсы өткізілген болатын.

Республиканың барлық аймағынан үзлік оқушылар қатысқан байқауға Сыр өңірінің атынан 24 жобамен 27 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша аймақ абыройын қорғаған 1 оқушы Гран-При, 4 оқушы І орын, 6 оқушы ІІ орын иеленсе, ал ІІІ орынға 11 оқушы ие болған. Сондай-ақ, арнайы байқау грамотасымен 3 оқушы марапатталды.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жүлделі орынға ие болған оқушыларды бүгін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов салтанатты түрде марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

– Бүгінгі таңда Сыр өңірі олимпиадалық көрсеткіш бойынша командалық есепте ІІ орында. Бұл үлкен жетістік. Сыр дарындарымыз жыл сайын түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, аймағымыздың ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатып келеді. Болашақтың кілті, елдің ертеңі болған дарынды бүлдіршіндерді құттықтай отырып, алдағы уақытта биіктен көрінулеріне тілектеспіз!, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: