Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұстаз – ұлы тұлға

07.10.2021, 12:00 1315

HALYQLINE.KZ

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде, әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Баршамызға белгілі жер әлемдегі құбылыстар сәт санап әр кезде, күнде өзгеріске түсіп, жаңғырып  жатыр. Бұл – заңдылық. Өзгермейтін бір ғана заңдылық бар, ол – шәкірттің ұстазға деген сүйіспеншілігі. Өйткені ұстаз алдынан өтпейтін пенде жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір биліктегі тұлғалар, данышпан адамдар, қарапайым жұмысшылар, тіпті арман қуған жеткіншектер де ұстазға қарыздар емес пе?

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Осы сөзді естігенде, ең алдымен, менің көз алдыма алғаш әріп танытқан, қолыма қалам ұстатып, өмірге деген көзқарасымды өзгерткен алғашқы ұстазым Роза Абилдаева апайым келеді. Ұстазым әрдайым жылы жүзімен қарсы алып, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Көңілі пәк, ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізіп, бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс түрлі іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Мен де болашақта бойымнан ұстазымдағы асыл қасиеттердің табылғанын қалап, сол үшін алдыма үлкен мақсат қойып отырмын. Менің мақсатым – Абай атамның сөзімен айтсам, осы дүниеге кірпіш болып қалану, ұстаз болу. Осы мамандықты таңдауыма апайымның еңбегі зор. Сондықтан да Роза апайымды мақтан тұтамын. Ойыма ой қосып, бізге бар ықыласымен білім берген алғашқы ұстазыма алғысым шексіз. Менің жарқын болашағыма нұр сепкен апайыма және барша ұстаздарыма ұстаздар күніне орай зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін, әрі өз шығармамды Ғабиден Қожахметтің мына тамаша өлең жолдарымен қорытындылаймын:

Бүлдіршін тәрбиесі – табысыңыз,

Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін біз.

Шәкірттен алғыс алып қашанда да,

Жемісті бола берсін әр ісіңіз!

Жаннұр  Әдиқызы,

№85  орта  мектептің  8-сынып  оқушысы.

Жетекшісі:  Гүлмира  Ахмағанбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: