Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты

27.03.2025, 11:20 87

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №286 орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсері Айтжан адам өмірі үшін қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапқан.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы әрбір төртінші лифт қауіпті. Басым бөлігі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. Жалпы лифттің қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Талапты жастың жобасында қауіпсіздік мәселесіне айрықша көңіл бөлінген.

“Қазіргі лифт тростары өте әлсіз, үзіліп кетсе, адамды аман алып қалу мүмкін емес. Сондықтан оған автокөліктегі сияқты қауіпсіздік жастығын орнатуды жөн көрдім. Қандай да бір ақау шыққан жағдайда жастық ашылып, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі”,- деді Нұсрері Айтжан.

Оқушы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Өркен Ақбаев, Құдабай Тастанбеков, Ерлан Райымбек және робототехника мұғалімі Айдос Арасаттың көмегімен су диірмені, су үсті көпірі сияқты өзге де ерекше жобалар жасап шығарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: