«CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» жобалар сайысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Темірлан Абжанов пен Саят Урикбаев жобаларын таныстырып, грант иеленді.
«Smart Bench» − университетіміздің бас оқу ғимаратының алдына күн панельдері орнатылған орындықтар қоюға бағытталған жоба. Негізгі мақсаты − кампус ландшафтарын өзгерту, экологиялық мәселелерді тұрақты шешіммен қамтамасыз ету, университетіміздің инфрақұрылымының дамуына үлес қосу», − деді Саят Урикбаев.
Сайыстың шарты бойынша оқу орындарының кампусын дамытуға арналған 70-тен астам жоба келіп түсті. Соның ішінде 17 жоба үздік деп танылып, әрқайсысына 1 млн 300 теңге көлемінде арнайы грант бөлінді.
Келесі грант иегері Темірлан Абжанов тұрақты жылыжайға бағытталған жоба ұсынды. Жобаның мақсаты – органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы топырақты құнарландыруға пайдалану. Сондай-ақ топырақтың төменгі қабаты арқылы суару әдісін қолдану және суару процесін автоматтандыру арқылы су шығынын азайту.
Айта кету керек, «Sustainability Living Lab» жобалар сайысына университетіміздің 6 білім алушысы қатысуға өтінім беріп, 4 жоба финалдық кезеңге өтті. Нәтижесінде 2 студент грант иегері атанды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
медиа орталығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!