Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық оқушы республикалық байқауда жеңімпаз атанды

17.05.2023, 17:15 193

HALYQLINE.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен «Буктрейлер» республикалық байқауы өткізілген болатын. Аталмыш байқауға аймағымыздың атынан қаламыздағы С.Толыбеков атындағы 3 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жұматай Азат қатысып, Әбіш Кекілбаевтың “Шыңырау” кітабы бойынша буктрейлерін ұсынды. Оқушымыздың жұмысы комиссия тарапынан жақсы бағаланып, байқаудың жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, байқауға еліміз бойынша 400-ден астам оқушы қатысып, өз жұмыстарын ұсынған. Конкурс шарты бойынша, оқушы өзі оқыған кітабы, шығармасы желісінде буктрейлер бейнеролигін түсіруі қажет болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: