Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Білім саласы үшін табысты жыл болды

21.12.2023, 21:10 649

Қызылорда облысының білім саласы үшін 2023 жыл табысты болды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 12 300 орындық 21 заманауи мектеп салынады. Биыл 10 мектептің құрылысы басталды. Қалған 11-і алдағы жылы бой көтереді.

Аймақта дарынды балаларды қолдау саясаты лайықты деңгейде жүзеге асырылуда. Шаһардың сол жағалауынан құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын

300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде.
Бұдан бөлек, биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи Оқушылар сарайының құрылысы басталды.

Жыл соңында Қызылорда қаласында 600 орындық және Шиелі ауданында 250 орындық 2 жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылының басында облыс орталығындағы 4 мектептің жанынан 1 850 орынға арналған жаңа қосымша ғимараттар салынды.

Балалардың қауіпсіз, жайлы тасымалмен қамтамасыз ету бағытында 30 жаңа автобус сатып алынды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптарда оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сыныптардағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Биыл Сыр өрендерінің олимпиададағы жетістіктері үстем.

102 оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанды. Облыстың пәндік олимпиадалық командасы жаратылыстану – математика бағытында республикада командалық есепте ІІ орынды, қоғамдық – гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленді.

Бала қауіпсіздігі – басты назарда. Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.

Биыл Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан оқушы және персонал саны 700-ден асатын 106 мектеп, 7 оқушылар үйі, Қызылорда қаласындағы 28 балабақша лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 47 мектепті жаңғыртудан өткізуге 529,5 млн теңге бөлінсе, оның 484, 1 млн теңгесіне 63 жаңа модификациялық кабинеттер сатып алынды.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: