Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылымдық бөлім қызметкерлері гибридтік конференцияға қатысты

25.05.2023, 10:05 491

Астана қаласында Назарбаев Университеті мен Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығы (APCDA) алғаш рет бірлескен гибридтік конференция өткізді. Шара аясында 80-ге жуық кездесулер өтіп, шараларға 28 елден 300-ге тарта қатысушы қатысты. Бұл гибридтік конференцияда халықаралық мансап орталықтарының басшылары мен кәсіптік бағдар беру саласындағы белгілі сарапшылар баяндама жасады. Конференция сессиясын APCDA президенті Момоко Асака жүргізді.

Өткен шараға Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінің қызметкерлері қатысты. Атап айтсақ, «Болашақ» құрылымдық бөлімінің тәжірибелі мамандары, заң ғылымдарының кандидаты, проректор Г.И.Аргинбекова мен экономика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Г.А.Жусупова Халықаралық жаңа форматтағы іс-шараға арнайы шақырылып, білім алмасты.

Жалпы шараның басты мақсаты – жауапкершілікті өзіне ала білу, өз пікірі, ұстанымы бар, мақсатқа ұмтыла білетін, ынтымақтастыққа әрекет етудің жолдарын үйретіп, түлектерді болашаққа дайындау, мансаптық дамудың рөлін ұғыну, болашақ трендтер және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша білім алмасу болып табылды. Гибридтік конференцияның аясында шараға қатысқан қонақтар мен қатысушылар, Назарбаев университетінің қызметкерлері мен білім алушыларының әзірлеген мәдени қойылымы мен қолөнер жәрмеңкесін тамашалап, ЖОО өкілдеріне арналған коммуникация бойынша мастер-классқа қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Пікірлер:
  • Данный семинар принесет студентам опыт, новые интересы и цели в жизни. Во время учебы позволят получать практические навыки, осваивать новые технологии.

  • Бірлескен гибридтік конференцияның өтуі еліміздің білім беру ұйымдары жұмысына мансаптық даму бойынша тың көзқарастар мен жаңашылдықтар әкелетініне сенім мол👍

  • Біз әріптестеріміз үшін қуаныштымыз іс шара өте үлкен дәрежеде өткізілген екен. Нағыз өзекті мәселелер яғни бірінші кезекте түлектердің жұмысқа орналасудағы проблемалары жалпы мансапты дамытудың рөлін түсіну және басқа да өзекті мәселелер айқындалған екен Осындай конференциялар жалғасын таба берсін

  • Конференцияда қазіргі заман талабына сай болып жатқан өзекті мәселелер талқыланып, солардың ішінде білім берудің жаңа мазмұны, жаңа оқулықтар, үштілділік енгізу жолдары мен реттері, білім беру саласындағы дәстүр мен жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мәселелері көтерілген екен.

Айман үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: