Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ ғалымы әлемдегі ең беделді профессор атанды

30.01.2023, 9:35 211

HALYQLINE.KZ «Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың қатарына қосылды» деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%-ы» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енген.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырды. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады.

Сәрсенбек Монтаев қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы.

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда нанотехнология мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: