Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қашықтан оқу қалай жүріп жатыр?

29.10.2020, 12:40 704

Мойындау керек, біз әуелде қашықтан оқу процесіне мүлдем дайын болмадық. Пандемия жағдайы бәрін мәжбүр етті. Яғни, осы қадамға амалсыздан бардық. «Көш жүре түзеледі» десек, бұл күндері көп істің жөн-жобасы бір­ ыңғайға­ келіп, бірізге түсіп қал­ғаны­н байқауға болады. Бұлай деуімізге­ де себеп бар. Жалпы, онлай­н оқу, қашықтан оқу жүйесі туралы сөз бола бастаға­нда ең бірінші мына мәселеге кезігеміз­. Ол – интернет желісінің қолжетімді болмауы. Өйткені, бүгінде оқушылар­дың көпшілігінде ұялы телефон, планшет не компьютер бар. Жоқ дегенні­ң өзінде мемлеке­т пен жергілікті билік, одан қалды жанашыр жандар байланыс  құрал­дарын  қажет  ететін  отбасыларға  тарту жасаумен болды. Мектеп­ балансындағы компьютерлер де уақытша таратылды. Интернет желісі де бірқатар алыс-жақын аймақтар­ мен ауылдарға жетті. Ал, мүлдем ыңғайға келмеген­, оқушы саны аз білім ошақ­тарына карантин талабын сақтап мектепте оқытуға рұқсат берді. Әрине, әр жерде­ әртүрлі жағдай екенін де айту керек. Бірақ, қашықтан оқудың қиындығы мұнымен­ бітпек емес…

Интернет бар, компьютер бар делік. Қашықтан оқытатын платформалар қаншалықты­ дайын болды? Педагогтеріміз ше, мұндай жүйеге сақадай сай ма, қиындықты қалай еңсерді? Бұл жерде қиын-қыстаудағы мәжбүрлі түрде енген жаңашылдықты оқушылардың да дұрыс қабылдай білуі маңызды болып отыр. Хош. Біз «Халықтың» кезекті сауалнама­сын «Қашықтан оқу қалай жүріп жатыр?» деген сұраққа арнадық. Дауыс беру­шілерге­  6 нұсқа ұсынылды.

Олар:

Орташа деңгейде;

Өте жақсы деуге болады;

Қала мен ауылды салыстыруға  келмейді;

Өз жауабым;

Әйтеуір жоқтан тәуір;

Жай аты ғана ғой…

Осы жауап нұсқаларының  ішінде «Өте жақсы деуге  болады» деген жауап ең аз дауыс жинады. Сауалнамаға қатысушылардың небәрі 7%-ы ғана осылай ойлайды екен. Демек, әлі де артық-кемі көп болып тұрған секіл­ді. Осы орайда, жауап нұсқалары жұртшылықтың ойын, пікірін, көзқарасын тамыршыдай­ тап баспағанын айтуымыз керек. Яғни, дауыс берушілердің 10%-ы жауап нұсқаларына қанағаттанбай, «Өз жауабын» айтқысы келді. Сондай-ақ, «Қашықтан оқу қалай жүріп жатыр?» деген сауалнама сұрағына «Орташа деңгейде» дейтіндер, «Жай аты ғана ғой» деп ойлайтындармен бірдей болып шықты. Мұндай адамдардың саны 18%-ды құрады. Қос жауапта пікір қайшылығы болса да, бірдей дауысқа және 3-орынға ие болған.

«Қала мен ауылды салыстыруға келмейді» деген нұсқаны таңдап, екі жақтың да уәжіне­ құлақ түргендер 19% екен. Бұл – сауалнама қатысушыларының едәуір басым бөлігі. Ал, 28%-бен 1-орынға шыққан нұсқа – «Әйтеуір жоқтан тәуір» жауабы. Демек, осы күні қай тарапты алып қарасақ та, «бар ма, бар» деген қағиданы ұстанып отырған болуы мүмкін. Қалай десек те, «Халықтың» сауалнамасы – халықтың ойы, пікірі, көзқарасы. Бұған ешкімнің күмән-күдігі, талас-тартысы жоқ шығар. Жариялық пен ашықтық азаматтық қоғамды орнату, азаматтық пікірді дамыту жолында ауадай қажет. «Halyqline.kz» сайты алдағы уақытта да ел ішіндегі өзекті жаңалықтарға, жайттарға байланысты сауалнаманы тұрақты түрде ұйымдастыруды мақсат етіп отыр. Барлық оқырмандарды белсенді болуға­, әділетті болуға шақырамыз!

Сондай-ақ, +77001962000 ватсап нөмірі арқылы бізге кез келген мәселеңізді жолдай аласыз. Біз оған жауапты мекеменің назарын аударамыз, шешілуіне мұрындық боламыз! Ел сенетін белсенді бар. Ол – сіз! Сын болсын, бірақ шын болсын!

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: