Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

01.03.2023, 15:30 144

HALYQLINE.KZ Жалпы, білім беретін пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлының қабылдауында болды.

Еліміздің рухани жалпыхалықтық мерекесі – Алғыс айту күні қарсаңында білім озаттарымен кездесіп отырғанын зор қуанышпен жеткізген аудан басшысы, олимпиаданың облыстық кезеңінде бақ сынаған білім озаттарын марапаттап, білім додасының Республикалық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі.

– Сіздердің жетістіктеріңіз – тек өздеріңіздің ғана емес, білім беретін сүйікті ұстаздарыңыз бен үміт күткен ата-аналардың жемісі. Бүгінгі кездесуді пайдаланып, сіздердің ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңызға риясыз алғысымды білдіремін. Өздеріңіздің таңдаған мамандықтарыңыздың иесі болуға, арман-мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспін!

Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, амандық тілеймін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деді аудан әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: