Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушыға жапондарша қарасақ қайтеді?!

29.11.2020, 15:00 1363

HALYQLINE.KZ Жапониялық балалар кішкентай күнінен-ақ мектепке жалғыз қатынайды екен. Яғни, ата-анасының көмегінсіз өзі барып, өзі келеді. Бұл жас жапондықтың ерте есеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ, мектеп оқушыларды ұжымдық жұмыстарға баулиды. Олар кабинетті жинастырады, тазалайды. Асханада кезекші болады. Тіпті, дәретхана жуады. Ол жақта мұндай қызметке арналған жұмысшы жоқ. “Бәрі бәріне жауапты” деген қағиданы қатаң ұстанады.

Мұғалім тақтаға математикалық теңдеу жазады. Сосын сыныптың аурасына назар салады. Сәл уақыттан соң бір оқушы қол көтереді. Мұғалім оның жанына келіп, дәптерін көреді. Есептің жауабының астын сызады, бәрі дұрыс. Ары қарай таңғажайып құбылыс басталады. Енді әлгі оқушы орнынан тұрады да, қолын көтерген келесі оқушының есебін тексереді. Осылай-осылай жалғаса береді.

“Егер өзің білген нәрсені басқаға үйретсең, ақпараттың тоқсан пайызы миыңда қалады. Тақтаның алдына шығып жай ғана түсіндірсем, ақпараттың қырық пайызы ғана оқушыға түсінікті болады. Өзара талқылай отырып, бір-біріне үйретсе ғана ақпарат сіңімді болмақ”, – дейді жапондық мұғалім Кунито Иту.

Айтпақшы, мұғалім оқушыларды қате жауабы үшін де мақтап, көкке көтереді. Сабақ үстінде оқушының мұғалімді алмастыруға да қақысы бар. Есесіне, Нобель сыйлығын алған физиктердің тең жартысы жапондардан шыққан.

Сіздіңше бұл дұрыс па, бұрыс па?

Пікірлер:
  • Біз мектеп оқыған жылдары жапондардан үлгі алмай-ақ, мектепте күнделікті кезекшілік атқаратынбыз,қайтарда сыныптың еденіне дейін жуып кетеміз,апта сайын тазалық күні болатын.Мектепке ата-анамызсыз өзіміз-ақ баратынбыз.

  • Өте дұрыс. Психолгияда бала өзінің білімін біреуге үйретсе ғана 90% есте қалады екен. Біліктілік тестінде келген сұрақ. Сондықтан жапондықтардың іс тәжірибесіне енген бұл әрекет құптарлық

  • Бізде дәл осы жапон балалары сияқты өскен біз,ешнәрсеміз кеткен жоқ,тазалыққа ,ауызбіршілікке,достыққа,солардың не екенін,еңбектің не екенін жалпы бар жақсылыққа тәрбиеленді өстік,қазір ше ,ата-аналарды да балаларды да төбемізге шығарып отырмыз.Ата-ананың құқығы, баланың құқығы деп. Қайдан алып отырғандарын керек емес заңдарды.осыдан 50жыл бұрынғы тәрбие-нағыз тәрбие екен

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: