Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушы суға кетсе, мұғалім жауап бере ме?

19.06.2025, 9:55 176

Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалім тек балаға білім берумен айналысуы тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев 9-сынып оқушысы суға кетіп қайтыс болғаннан кейін, мұғалімдерді рұқсат етілмеген жағажайларда рейд жүргізуге тартуды ұсынған еді.

Алайда бұл бастама еңбек демалысында жүрген ұстаздар арасында наразылық туғызған.

Кеше Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

«Мұғалім – мұғалімдікпен, яғни балаға білім берумен айналысуы керек. Бұл заңмен бекітілген. Сондықтан кейбір әкімдіктердің заңды белден басып, мұғалімдерді өзге жұмыстарға тарту мәселесін тоқтатуы керек», – деді министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: