Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқу жылы 31 мамырда аяқталады

20.04.2023, 15:15 438

HALYQLINE.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары биыл 31 мамырда аяқталады. Бұл туралы бүгінгі брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов хабарлады.

Сонымен қатар биыл білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2 маусымда басталады. 9-сынып емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізілсе, 11-сынып емтихандары 5-19 маусым аралығында өтеді.

9-сыныптың емтихан материалдары басқарма тарапынан әзірленуде, электронды форматта білім бөлімдеріне таратылатын болады. Ал 11-сыныптың емтихан материалдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінен басқармаларға жолданады, ары қарай білім беру мекемелеріне емтихан болатын күні электронды форматта жолданатын болады, – деді басқарма басшысының орынбасары Бағдат Камбозұлы.

Айта кетейік, ағымдағы оқу жылында білім беру ұйымдарындағы аттестаттарды тапсыру рәсімдері 20-22 маусым аралығында жүргізілетін болады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: