Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық семинар өтті

07.06.2025, 11:02 90

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Арал көпсалалы колледжінде «Жұмысшы мамандықтары – 65 жылдық колледж тарихының алтын арқауы» тақырыбында облыстық танымдық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін аттырып, студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыру және колледж тарихындағы жетістіктерді насихаттау.
Жиынды Арал ауданы әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев ашып, білім беру саласы мен өндірістік кадрларды даярлау бағытындағы бастамаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, шараға Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Б.Төреахметов, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, әлеуметтік серіктестік мекемелердің басшылары, ардагер ұстаздар, кәсіпкерлер, колледж түлектері мен студент жастар қатысты.
Іс-шара аясында оқу орны мен аудан көлеміндегі әлеуметтік серіктестік мекемелер арасында өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды. Семинар барысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтарының өзектілігіне қатысты мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар, колледждің 65 жылдық тарихына шолу жасап, білім мен еңбек жолындағы жетістіктерді қамтыған «Ауыл шамшырақтарын түлеткен білім ордасы» атты жылнамалық кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: