Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желден 1-сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті білім басқармасының хабарлауынша, бірінші ауысымдағылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Бұл шектеу аталған мектептерге қатысты: №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебі.
Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді. Қалған оқушылар әдеттегідей оқуларын жалғастырып жатыр.
Фото: Астана әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!