HALYQLINE.KZ Отбасы күніне орай Қызылорда қаласы «№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі» ғимаратының ауласында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің балалары арасында «Менің отбасым» тақырыбында ашық аспан астында асфальтқа сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен қоғамның адамгершілік негіздерін жандандыру. Іс-шараны Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараны қорытындылай келе әрбір отбасының керегесі кең, шаңырағы берік болуына ізгі тілек айтылып, шараға қатысушы барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр саясаты бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!