Түркістан облысы бойынша ең ұзақ жасайтын тұрғындар Төлеби ауданында тұрады.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде жасы жүзден асқан 57 адам тіркелген. Оның 51-і ақ жаулықты әже болса, алтауы ер адам.
Сондай-ақ, ғасырмен құрдас 10 адам бар болса, 101-106 жас аралығында 45 адам тұрады. Ал, Жетісай қаласының тұрғыны ең ұзақ жасаған ақ жаулықты әже атанып отыр. Кейуана биыл 110 жасқа толса, Қазығұрттық қария 108-ші көктемін қарсы алмақ.
Ғасыр жасаушылардың көпшілігі Төлеби ауданында қоныстанған. Яғни, мұнда жасы 100-ден асқан 9 азаматша бар. Мұнан кейінгі орында Жетісай, Қазығұрт, Түлкібас, Сарыағаш, Бәйдібек аудандары тұр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!