6. Дүниелік істерге қызығушылық танытпаңыз
7. Шүкіршіл болыңыз
— Дүниені өз үміттеріңіз бен қызығушылықтарыңыздың басты нысаны етуден аулақ болыңыз;
— Көптеген қажеттілігі жоқ нәрселерді талап етпеңіз;
— Кедей-кепшіктерге көмектесу үшін күйеуіңізді ақшаны аз жұмсауға ынталандырыңыз;
— Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуы бойынша, күйеулерінің жақсылықтарын теріске шығарғандары үшін тозақта әйелдер саны басым болады.
— Сіз разы болудың нәтижесінде күйеуіңіздің махаббатына қол жеткізесіз, ол өз кезегінде сізді одан сайын қуантуға ұмтылады;
— Жақсылықты бағалай алмауыңыз нәтижесінде күйеуіңіздің сізден көңілі қалады, күйеуіңізде: «Жақсылықты білмесе, оған неге жақсылық жасауым керек?» деген ой туындауы мүмкін.
8. Адал және сенімді болыңыз
9. Көнбіс болыңыз
— Әсіресе, күйеуіңіз басынан қиын кездер кешіп жатса;
— Қажет болған жағдайда өз ісіңізбен, қаражатыңызбен немесе мүлкіңізбен оған қолдау көрсетіңіз;
— Харам етілгеннен басқа барлық істе қолдау көрсетіңіз;
— Ислам дінінде күйеуі – отағасы болса, әйелі – оның көмекшісі, әрі кеңесшісі болып табылады
10. Ашуланса көңілін таба біліңіз
— Біріншіден, оның ашуын тудыратын барлық нәрседен аулақ болыңыз;
— Ашуланған жағдайда келесі әдістер арқылы көңілін жайландыруға тырысыңыз;
1. Егер қателік сізден кетсе – кешірім сұраңыз.
2. Егер кінә одан болса:
— Дауласпай, үндемей тұра тұрыңыз, немесе,
— Айтқанына көне салыңыз, немесе
— Оның тынышталғанын күтіп, бейбіт жағдайда бұл мәселені талқылаңыз.
3. Егер басқа бір сыртқы себептерден ашуланған болса:
— Ашуы басылғанша күте тұрыңыз;
— Оның ашуына сылтау іздеңіз: шаршады, жұмысында қиындықтар туындады, біреу ренжітті;
— Не болғаны жайында сұрастыра бермеңіз:
1) Не болғаны жайында маған айту керексің
2) Сені сонша ашуландырған нәрсені білуім керек
3) Сен менен бір нәрсені жасырып жатырсың, менің білуге құқым бар.
Жалғасы бар…
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!