Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастармен жұмыс жанданады

23.05.2023, 17:50 329

HALYQLINE.KZ Жастарға қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Биыл республикада отбасылық цифрлық картасы іске қосылды. Бүгінде осы бағдарлама аясында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сәйкесінше, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызға төмендеді. Бұл бағдарламаның оң динамика қалыптастырғанының айқын көрінісі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Талғат Тлес хабарлады.

– Жастарды кәсіпке баулу, оларды жұмыспен қамтамасыз етудің нақты шаралары қабылданды. Жастарды бизнеске тартуда мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие қарастырылып келеді. Бұл жастарға деген үлкен мүмкіндік. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жастар арасындағы сұранысқа ие мамандықтарды қажеттілікті қамтамасыз етуде мүмкіндіктер керуені, кеңес беру, мәдени көпшілік шаралар өткізіліп келеді. Сондай-ақ бос жұмыс орны жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 303 жас жұмыспен қамтылды, – деді Талғат Оспанұлы.

Жастар – мемлекеттің болашағы. Жастар жылы аясында еңбек бригадалары құрылып, бүгінде өз жұмыстарын бастаған болатын.

– Бұл бригадаларды құрудың басты мақсаты – аудандағы жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бүгінде аудан әкімінің қолдауымен Сырдария ауданына қарасты кенттер мен ауылдық округтерле жастар бригадалары құрылды. Аталмыш бригада қатарында жұмыссыз, NЕЕТ санатындағы және пробация есебінде тұратын жастар жұмыс істеуде. Осы уақытта басталған егін науқанына бригада құрамындағы жастарды тарту қарастырылып отыр. Сонымен қатар жастарды Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округіне тәжірибе алмасуға жіберіп, егін егу тәсілдері үйретілді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан берген егіндік жерлерде дайындық барыстары жүргізіліп, бақша егу жоспарлануда. Сондай-ақ, Шіркейлі ауылдық округінде құрылыс материалдарын шығаратын «Шіркейлі» жастар бригадалары жұмыс жасайды. Нәтижелі жұмыс істеген еңбек жастары жыл соңында лайықты марапатқа ие болады. Атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады,-деді Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: