HALYQLINE.KZ Балалар мен жастардың өмірі, оның сапасы, денсаулығы мен білімі қашан да басты назарда. 2022 жылдың да – балалар жылы болып жариялануы осының дәлелі. Президентіміз Қ.Тоқаев өз сөзінде «Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» деп айтқан болатын.
ҚР оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, өңірлердегі жастар ресурстық орталықтары, білім басқармаларының өкілдері қатысқан «Жастарға әлеуметтік бағыт бағдар беру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Жастар қызметкерлері қауымдастығының» сарапшысы С.Абдрахманованың «Білім беру ұйымдарында балалардың ақыл-ой интеллектісіне аса мән беріліп, түрлі шаралар, байқаулар, олимпиадалар өткізілгендігімен, балалар мен жастардың мақсаты айқын, уақытын тиімді пайдалана алатын, креативті, сын тұрғысынан ойлай алатын, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуында қажеттіліктер әлі бар екендігін» атап өтті.
Елімізде соңғы жылдары осы салада жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, мысалы, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының 2021 жылғы жүргізген зерттеуінде, жастардың үштен бірінен астамы (38,4%) ешқандай іс-шараларға қатыспайтыны, нарықтағы бәсекеге қабілеттілік жаңа дағдыларды дамытуды қажет етеді.
«BISAM Central Asia» зерттеу орталығының 2020 жылғы зерттеуіне сүйенсек, аулыдық жердегі жастардың 44%, ал қалалық жерде 35% жұмыссыз. 37% өз мамандығы бойынша жұмыс жасамайды. Бұл еңбек сапасына қазіргі таңда әсер етуде.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында «Жастар қызметкерлері қауымдастығының» төрағасы Н.Наурызбаев осы мақсатта 2022 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен 15 білім беру ұйымы мен 25 жастар ресурстық орталықтарына «Жастарға әлеуметтік бағыт-бағдар беру» жобасы енгізіліп, оған 800 білім алушы қамтылғанын атап өтті.
Н.Наурызбаевтың айтуынша, жобаның мақсаты жасөспірімдердің әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік, болашақ мүмкіндіктерін нығайту үшін қажетті дағдыларын дамыту. Жоба бірінші кезекте жасөспірімдердің дағдыларын дамытуға бағытталған және барлық білім беру ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтарына тегін негізде енгізіледі. Жоба шеңберінде 112 маман оқытудан өтіп, арнайы оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілген.
Жоба қатысқан Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының маманы жоба аясында бейресми білім бойынша біліктіліктерін арттырғанын, жастармен тығыз байланыс орнатылып, олардың әлеуметтік мәселелер бойынша жоба дайындау дағдылары қалыптасқанын айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушы «Пионер» балалар үйінің директор орынбасары К.Синельник жоба аясында балалар үйі тәрбиеленушілерінің бос уақыты тиімді ұйымдастырылғанын, өмірлік дағдыларын, мысалы көшбасшылық, ынтымақтастық, креативті және сыни ойлау дамытқанын, өзара қарым қатынастары нығайып, өз-өзін бағалау, сенімділік артқанын айтты.
Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары алдағы оқу жылы білім беру ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтарында жобаның келесі циклы жүргізілетін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!