Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас ғалымдардың конференциясы өтті

26.01.2024, 11:25 202

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Білім – Ыбырай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Студенттер сарайының Open space кітапханасында «Өңірдегі жастар ғылымын дамыту» республикалық студенттік ғылыми- практикалық конферерциясы өтті, – деп хабарлайды Halyqline.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева баяндама жасайтын ғалымдарға сәттілік тілеп, білім алушыларға Жас ғалымдар кеңесі ұйымының жұмысы туралы айтты.

Аталған жиынға коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев, «Ыбырай» қоғамдық қорының стипендиаттары қатысты. 

Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, «Ыбырай» қоғамдық қорының стипендианттары Мусаб Құдайберген «Өнер – ұқсату: пластикалық анатомия» тақырыбында, Дания рАбдрахман «Математикалық ойлау үлгісі (моделі) және өркениет дамуы» тақырыбында, Бақтынұр Жұмабай «Овертон терезесінен көрінетін өркениет» тақырыбында, Шамиль Анарбай «Қорланған тіл» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу соңында ғалымдарға сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылып, алғыс хатпен марапатталды.

Ақпарат: korkyt.edu.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: