Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық зияткерлер өнер сайысында топ жарды

30.11.2022, 17:15 207

«Әр бала – жұлдыз!» ІX Халықаралық фестиваль-байқауында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары екі гран-при мен екі бірінші орын иеленді. 


200-ге жуық талантты жастың басын қосқан шығармашылық дода вокалдық, хореография, аспаптық, әртістік және шешендік  өнер номинациялары бойынша өткізілді. Қызылордалық зияткерлер вокалдық музыка жанрында өнер көрсетіп, дәстүрлі, эстрадалық, джаз бен халықтық әуендерді шырқауда кәсіби шеберліктерін көрсете білді. 


Сайыстың Гран-при иегерлері атанған Сырсұңқар Базарбайұлы қоңыр үнді домбыраның сүйемелдеуімен Молдабайдың әнін жоғары деңгейде орындаса,  Айя Сердалы  Қасым Аманжоловтың «Сайра, сайра, Сандуғашым!» арнауын айтып, көрермендерді бұлбұл дауысымен тамсандырды. 


Ақтөбедегі концерттік зал сахнасында үздік өнер көрсеткен Айшани Даттатрея мен Уалихан Ибадулла да вокалдық қабілеттерімен ерекшеленіп, бірінші орынды жеңіп алды. 


– Бұл байқауда белгілі өнер қайраткерлері қазылық етті. Оқушыларымыздың таланттарына тәнті болып, ерекше өнер иелері деп бағалады. Шәкірттерім сахнада өздерін еркін сезініп, бар қабілеттерін ортаға салды.  Алдағы уақытта жаңа асуларды бағындыруды тілеймін, – дейді  жетекшісі Жарасбек Утебаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: