Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ қызы Oxford университетінің оқытушысы атанды

08.01.2026, 10:05 68

Бұл жаңалықты Маңғыстау медиа хабарлады. Ақжолтай ақпаратты қазақстандық IT сарапшы Тимур Бектұр да әлеуметтік желіде бөлісіп, қазақ жастарының ғылым жолында даму көрсетіп келе жатқанын байқатты.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – University of Oxford университетінің оқытушылар құрамына қабылданды. Жас ғалым Оксфорд университетінде Teaching Fellow (оқытушы-зерттеуші) лауазымына тағайындалып, енді тек ғылыми зерттеумен ғана емес, студенттерге дәріс беру ісімен де айналысады. Бұл – шетелдік жетекші университеттерде қазақстандық түлектердің кәсіби сенімге ие бола бастағанының айқын көрінісі.

Меруерт Бижанова 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап, білімін АҚШ-тағы University of Pennsylvania университетінде жалғастырған. Университет қабырғасында ол академиялық жетістіктерімен қатар, қоғамдық белсенділігімен де көзге түсіп, студенттік ассамблеяның президенті қызметін атқарды. 2025 жылы Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды. Жас ғалымның айтуынша, Teaching Fellow қызметіне тағайындалу – университет тарапынан көрсетілген сенім мен кәсіби әлеуетіне берілген жоғары баға. Бұл мәртебе оған өз ғылыми зерттеулерін дамытуға ғана емес, халықаралық академиялық ортада тәжірибе алмасуға және болашақ ғалымдарды даярлауға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: