Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімінің «Самғау» сыйлығы бастау алды

17.05.2023, 16:05 213

HALYQLINE.KZ Жыл сайын дәстүрге айналған қала жастарына арналған Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы бастау алды.

Өздеріңізге белгілі, он жылдан астам уақыт тұрақты түрде өткізіліп келген аталмыш жастар сыйлығы, былтырдан бастап ережесіне өзгерістер енгізіліп, кәсіптік және техникалық мамандықтарға басымдық беріліп, арнайы байқаулар ұйымдастырылып, үздік деп танылған жеңімпаздарына (10 жасқа) «Самғау» жастар сыйлығы мен 100 000 теңге қаржылай сыйлықтар табысталған болатын.

Биылда аталмыш сыйлық өз бастауын алуда және 14 пен 35 жас аралығындағы қала жастары арасында 2023 жыл көлемінде тігіншілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, электриктер, автомеханиктер, робототехника, 3D моделдеу, автоэлектриктер, дизайнерлер байқаулары өткізіледі.

Жыл соңында, «Qosyl Premiya» жылды қорытындылау кешінде аталмыш байқаулардың жеңімпаздары «Самғау» жастар сыйлығымен марапатталады. Қосымша ақпарат: 2023 жылдың маусым айында жастар арасында робототехника және 3D моделдеу байқауларын өткізіледі және тіркелу жұмыстары жүруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: