Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық «Жыл волонтері» байқауы жарияланды!

15.11.2022, 19:48 207

Байқауға 14-35 жас аралығындағы барлық волонтерлер, волонтерлік топ немесе ұйым мүшелері қатыса алады.

Өткізу тәртібі:
Сыйлық волонтерлік салада әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан өтініш берушілерге беріледі.

– Бірінші кезең: Осы Ереженің талаптарына сәйкес қажетті құжаттар (жеке куәлігі (көшірмесі), орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі), портфолио (волонтерлік бағытта жасаған іс-шаралар және сол бағытта алған алғыстар, дипломдар, жетістіктер) қоса тіркелген тіркеу өтінімімен бірге Қызылорда қаласы, Сол жағалау 15А мекенжайында орналасқан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 2022 жылғы 22 қараша сағат 18:00-ге дейін тапсыру қажет;

– Екінші кезең: «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының жеңімпаздарын анықтау, комиссия отырысы (2022 жылғы 23 қараша);

– Үшінші кезең: «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау (Сыйлық жеңімпаздарына I, II, III орындар және бағалы сыйлықтар беріледі).

Қосымша ақпарат: 8-775-720-35-47

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: