Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тіл мәртебесін көтеру – баршамыздың азаматтық борышымыз

31.12.2021, 15:43 549

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тіліміз қазақ тілін құрметтеу, әрқайсымыздың асыл парызымыз болып табылады. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің  туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені ел өрісі қашанда білікті де, білімді саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады.
Қазіргі кезде барлық мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу қазақ тілінде қалыптасуына үлкен мән берілуде.

Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын арттыру, әрбір іс-қағаздарын орындап отырған тілін сүйіп, еліне жаны ашитын мемлекеттік қызметкердің ұлттық парызы.

Мемлекеттік тілде сөйлеу, хат алмасу, мемлекеттік қызметшінің парызы емес, бүкіл Қазақстандықтың міндеті. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Ең бастысы, қай жерде болсын, өз тілімізді өзіміз дәріптеуіміз, мадақ етуіміз керек. Сонда ғана туған тілін сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес,  Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тіл. Қазақстан Республикасында тұратын таза ниеті бар әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Е.Сағындық,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының сот приставы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: