Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тест: Сізді не мазалап жүр?

07.02.2021, 15:00 852

HALYQLINE.KZ

Өзімізді қанша алдарқатсақ та, санамызды алдай алмаймыз. Сананы алдап немесе онымен ымыраға келу мүмкін емес дейді психологтар. Өз санаңызды танығыңыз келе ме? Ендеше мына суретке қарап, көзге бірден түскен түскен жануарды немесе құсты атаңыз. Сізді не мазалап, неден жайсыздық көріп жүрсіз?

Мәселен, адам әр нәрсенің жалпы кескінін көргенімен, оның сана-сезімі басым дүниені таңдайды екен. Яғни, бір нәрсеге қарағанда адамның санасы не сезінетінін тап сол уақытта оны ішінен не мазалап жүргенін таңдайды. Ендеше анықтап көрейік. Суретке қараңыз. Қай жануарды немесе құсты бірден байқадыңыз?

Қара  қабылан

Қара қабыланды бірден байқасаңыз, сіздің күйзелісіңіздің ең басты себебі – жеке қарым-қатынас. Сүйікті адамыңызбен жақын байланысты жоғалтқандай сезінесіз, кейде тіпті бұның неге апарып соқтыратынын, қайда апара жатқанын да білмейсіз. Танысқан кездегі сүйіспеншілік сезіміңізді еске түсіріңіз. Мүмкін сізді не мазалап жүргенін оған ашық айтып, жақындасып сөйлескен дұрыс болар. Жалпы, ішіңіздегі ойларды бүкпесіз айтқанда, адамды жақын тартып әңгімелескенде ғана кей мәселені шешуге болады.

Арыстан

Әдеттегі міндеттеріңізді орындау қиынға соғып жүр. Өйткені сіз барлығына жауаптылықты өз мойныңызға алып, өзіңізді ұмытқансыз. Өзіңіз туралы ұмыта бастағанның бәріне қамқорлық жасауыңыздан арыласыз. Отбасыңыз бен достарыңыз сізді кез келген қиындықты жеңе алады, сондай төзімді, мықты деп санайды. Бірақ сіз титықтап барасыз, төзіміңіз таусылуға жақын, күндердің бір күні тарс етіп жарылып, ашуға мінуіңіз мүмкін. Сондықтан кейде өзімшіл болудың еш жаман жері жоқ. Бәлкім, өзіңізді еркелететін кез келген болар.

Ала  құлан

Сіздің ең басты көңіл бөліп жүргеніңіз – денсаулық. Өзіңіздің немесе жақындарыңыздың денсаулығына қатты алаңдайсыз. Әрине, бұл құптарлық нәрсе, өйткені салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Дегенмен бұл қыр соңыңыздан қалмайтын ойға ұласып кетсе, күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Ақиқаты сол, бақылай алмайтын, өзгерте алмайтын дүниеге бола мазаңызды кетірмеңіз. Өзіңізді сергек күйде ұстап, өмірден ләззат алыңыз.

Керік  (жираф)

Жұмысқа алаңдап,өзіңізге деген сеніміңіз азайып, қаржы мәселесі жегідей жеп жүр. Өкініштісі, бүгінде көптеген адамдар жұмыстан титықтап, экономикалық проблемалар мен бәсекелестікке төтеп бере алмай, қысымға ұшырап жүргені рас. Егер сіз өз жұмысыңыз өзгеріп, дамып, сізден біліктілікті қажет ететінін сезіп, сеніміңізді жоғалтып бара жатсаңыз, өзіңізге адал болыңыз. Қандай дағдыларыңыз жоқ екенін анықтаңыз және онымен ерінбей жұмыс істеп, өзіңізді жетілдіріңіз.

Көк  құс

Соңғы уақытта өзіңізді жалғыз сезініп, далада қалғандай абдырап, әбіржіген күйде жүрсіз. Қазір қоғамда біз негізінен хабарламалар, электрондық пошта және сурет алмасу арқылы байланыс жасайтынымыз рас. Қаншама адамның виртуалды байланысқа еті үйреніп кеткені соншалық, тірі адаммен қатынасқанда өзін ыңғайсыз сезінетіндер жоқ емес. Сөйтіп өзімізді оқшау сезініп, бұл жағдайдан қалай шығуға болатынын білмейміз. Дегенмен таза ауада көбірек серуендеп, адамдармен (интернетсіз) көбірек араласыңыз.

Құстар

Өзіңізді біршама жалғыз сезінесіз. Біреумен сезіміңізбен бөліскіңіз келеді. Бірақ проблемаңызды айтуға батпайсыз, өйткені ол түкке тұрғысыз нәрсе, ешкімнің басын қатырмайын деп ойлайсыз. Қорықпаңыз. Достарыңызға, отбасыңызға сеніңіз. Егер сізді бір нәрсе алаңдатса, демек ол маңызды болғаны. Сіз әрдайым ешкімге тәуелсіз болдыңыз, қанша жыл өзіңізді мықты етіп көрсетіп келдіңіз. Сондықтан жақындарыңыз дәл қазір сіздің неге мұқтаж екеніңізді сезбеуі мүмкін. Ашылыңыз.

Алдымен нені көрдің? Тест нәтижелері қаншалықты дәл шықты?

Дереккөзі: ktk.kz.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: