Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалықшы жұмыскерлерге жасалған жеңілдік

02.06.2022, 16:54 545

Сіз де аймақты «айнадай» етіп, көшені «жалтыратып» жүрген жандарды көрсеңіз, жұмысына ризашылық танытып өтесіз бе? Міне сол адамдарға шаһарда жақсы жеңілдік жасалды. Бұдан кейін  Қызылорда тазалығы мекемесінің жұмысшылары (көше тазалайтындар) бұдан былай қоғамдық көлікте «куәлік» арқылы тегін жүре алады. Айлығы шайлығынан артылмайтын жұмысшылар қала көркіне атсалысып, тазалық науқаны бойынша межелеген жеріне маршрут мініп, түскі асқа деген теңгесін төрт қоғамдық автобусқа төлеп түсетін еді.

Осыған орай, 18 жылдан бері Қызылорда тазалығы мекемесінде жұмыс істеп, жеріміздің таза болуына атсалысып жүрген жандардың бірі Гүлайым Қарғабаева облыс әкімі Н.Нәлібаевтің қабылдауында болып, тазалықшы қызметкерлердің қоғамдық көліктерде жүруіне жеңілдік сұраған болатын.

Ұсыныс тасталды, іс қаралды. Мәселеге сәйкес 1 маусым күні облыс әкімінің тапсырмасымен қала басшысы А.Шәменов «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің тазалықшы қызметкерлеріне ғимарат алдында қаладағы қоғамдық автобустарда тегін жүруге куәлік ететін тазалықшы куәлігін табыс етті. Бұл құжат жылдың соңына дейін жарамды.  Жұмысшылар арасынан басшыларға ерекше ықыласын білдіріп, ризашылығын айтқан жандар да болды. Кейбірі ұсынысын да ортаға салды.  «Қазір мекемеде жұмысшы жастар аз, өйткені біздің жұмыстың қиындығына мән беріп, жалақыны естігенде басын алып қашады, сол үшін баспанасы жоқ жұмысшыларға шағын жатақханалардан арзан бағада жатын орын тауып беретін болсаңыздар, олар да біздің жұмыста тұрақтап, қызметкерлер саны артушы еді»  деген талап-тілектерін жеткізді тазалықшылар.  Қала басшысының қарастырамыз деген сөзіне сенген жұртшылық «уралап» қуанды. Қуанышы ұзаққа созылса екен дейміз.

Ердәулет ҚАЛИЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: