Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағдырлас…

12.03.2020, 10:44 862

…ЕЛДЕР

Атом бомбасының салдарынан зардап шеккен адамзат ұрпағы жер бетінде әлі де өмір сүруде. Мутацияға ұшыраған ген салдары жан-жануардан бастап адам ұрпағына да кесірін тигізді. Екі басты бұзау туған сиыр мен шала ұрпақты дүниеге әкелген ананың жағдайы жай ғана қалыпты өмірге айналды. Өкінішті. Мұндай қасіретке төзіп отырған жалғыз біз емес, бізбен тағдырлас ел бар. Ол – Жапония. Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомба­сының зауалын тартқан Қазақстанның тағдырласы.­

…ЖАНДАР

Терезеден телміріп, көшеден қолына пакет ұстап әрлі-берлі өткен ұл мен қызға үміттене қарап тұр. Әйнекпен шағылысқан күн көзі де алабұртқан жүрегіне жылулы­қ сыйламайды. Жүзіне сәуле түсіп, тал түс болса да көзі ұйқыға тығылды. Ал көшедегі адамдар бұған көз қиығын салып қарамақ түгіл, бұл есіктің алдынан именіп өтеді. Өйткені бұл – «Қарттар үйі».

Бөлмесіне барып, тағдырласымен қайта  сырласты.

…ҮН

Олар бір-бірін жұбатып жатыр. Қалай дейсіз бе? Қарсы кереуетте жатқан сәби ана құшағын, әке иісін сағынып, шырылдап жылады. Оған жанындағы сәбилер ыңырсып барып қосылды. Бөлменің іші сәбидің жылаған үнінен қоңырқай тартып­, жан сыздатар аура орнатты. Сүт пісірім уақытқа жетер-жетпес сәтте бәрі де тыншыды. Өйткені әлі тілі шыға қоймаға­н  жетімек  тағдырластар  бір-бірін жұбатқан  еді.

…АЛАҚАН

Қол алысып, құшақ қағысып аман­дасу салты қазақта бар. «Қаны суық екен», «алақаны жанып тұр» деген тіркестерді де айтатынымыз рас. Күнделікті қол алысып, саулық сұрасып жүрген жандардың арасында болашақ тағдырластар бар шығар­,  ­бәлкім?

…ЖАПЫРАҚ

Жердің бетін ызғар соға бастағаннан сабағынан үзілетін тіршілік тіні – жапырақ. Жер бусанып, дала төсі шуаққа шомылу­ға асыққанда бұл да өз өмірін бастай­ды. Сыбдыр қаққан желдің өтінде, нөсерлеп құйған жауынның астында тұрса да табиғатқа көрік бергенін міндет қыл­ғанын қашан көрдіңіз? Бірі жерге түссе, қалғандары  сол  жаурамасын  деп  үсті-үсті түсе  беретін  сияқты көрінеді маған. Ортақ  тағдырға  бас  иген  жапырақтар…

Пікірлер:

Ғалия үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: