Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейірімділік концерті

24.02.2025, 11:05 49

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастар» ұйымы мен “Жомарт жан” орталығының ұйымдастыруымен Оңалту орталығында мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шараның өзегі – бірлік пен ынтымақ, мейірімділік пен алғыс сезімін арттыру болды.

Шара барысында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов жиналған қауымды құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі. Өңірлік «Ассамблея жастар» ұйымының өнерпаздары әсерлі әндер айтып, мың бұрала би билеп, көрермендерге жағымды көңіл-күй сыйлады.

Оңалту орталығындағы емделушілердің пікірінше, бұл мереке – мейірімділік пен қуаныштың нағыз белгісі. Олар, әсіресе, жастардың өнерін жоғары бағалап, осы сәтте өмірдің қиындықтарын бір сәтке ұмытты.

Шара соңында ем алушылардың салған картиналары мен орталық директорының Алғыс хаты «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдеріне табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: