Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жоқ!» – деп айтуды үйрен

17.01.2023, 10:50 330

ДОСҚА ҮНДЕУ!

«…Қылмыскерді ұстаңдар! Бұл – есірткі тасылмадаумен айналысады. Сондықтан оған теміртордан бөлек, өлім де аздық етеді…»

Әйгілі «Наркотик» фильмінен үзінді

Иә, бұз сөзбен есірткіні пайдаланбақ түгілі, оны тасмалдаған адам да темір тордың ар жағында отыруы аздық ететінін айтылған. Осы сөздің астарына үңілейікші. Әлемде 8 миллиардтан аса адам бар. Ал, олардың қаншасы есірткі қабылдап, қаншасы істі болып жатқаны белгісіз. Дегенмен, тек 1 пайызы ғана есірткі затын пайдаланды деген күннің өзінде бұл цифр 80 миллионды көрсетеді. Ал, Қазақстан халқының саны 19 миллионға енді жетіп отыр. Міне, осында ғана байқаймыз, қаншама адамның жат жолға түсіп, зардап шегіп жүргенін. Мұның өзі әлемді құрдымға кетіреді деуге негіздейтін сөз. Бұл – есірткі пайдалану бойынша жеке ойтолғамым. Ал, мұның саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін ғой…

Адамды туралыққа да тазалыққа да салатын ол – саламатты өмір салтын ұстану мен оны өзгелерге насихаттау. Алмағайып заманның ең үлкен сынағы өз достарыңның нашақорлық жолда жүруі немесе, сені сол дүниеге, уақытша рақатқа шақыруы. Мұндайда әрбір адам «Жоқ!» – деп айтуы тиіс. Өйткені, ғұмыр бойына өкініш өксігін арқаламау үшін бір ғана сөзді айтып, одан бойды аулақ ұстау қажет. Қазір мектеп қабырғасында оқитын жеткіншектер үшін нашақорлық мәселесі дауға айналып келеді. Сондықтан, бұл істі тоқтатуға сала мамандары жаппай жұмылдырылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір бес оқушының бірі электронды сигаретті серік еткен. Ал оның құрамындағы никотин яғни есірткі өзіне тәуелді етіп, жаман жолға бастайды. Және оны өз көзімізбен көріп те келеміз.

Сондықтан, қымбатты замандасым, досым!

Ар биігінде тұрған тұлға атты қалпыңды есірткі дейтін дүниемен ластамай, өз ортаңда наша пайдаланумен айналысатын адамдарды тазарта отырып, және оларға «Жоқ!» – деп айтып үйрен. Өйткені, еліміздің болашағы есірткіге тәуелді ұрпақтың емес, оқу-білімге құштар, еңселі жастың қолында. Кезінде Ұлы Абай: «Адамға керек бірден-бір миллет – ар биігі» деді емес пе?! Сондықтан, өз құның мен құндылығыңды биік ұстап, өзгелердің алдындағы құрметіңді сақтап, абыройлы болғың келсе, адамзатқа кесел жаудыратын есірткі дейтін дүниеден бойыңды аулақ ұста! Өзің болашақта өмір сүретін қоғамыңды нашақорлардан алыстатып, оларға орын берме. Сонда ғана біз аңсаған болашақтың тұтқасын ашатын боламыз! Ата-бабамыз қай кезде де өзгенің ала-жібін аттап, рұқсатсыз дүниесін былғамауға шақырады. Ал есірткі атаулысы біздің өміріміз тұрмақ, өзгенің өмірін күл-талқан етуге дайын зат. Сондықтан, дер кезінде оң шешім қабылдап, сананы бұрыс жолға бұрмай, алдыңда менмұндалап тұлған адал жолда жүр! Ата-ананың үмітін ақтап, өмірде өз орныңды қалдыратын тұлға бол! Адамды арман аласартпайды, алысқа қол созып, оған жету болында бар күшіңді сал, бізге қажеті де – осы!

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

Қазиұлы Мансұр

Қызылорда облысы, Арал ауданы

№58 орта мектеп

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: