Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел жәрдем қызметкерлері флешмоб ұйымдастырды

14.04.2020, 15:16 608

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері ұйымдастырған флешмоб кешкі уақытта «Мәңгілік алау» алаңынан Тоқмағанбетов, Байтұрсынов көшелерінен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы Орталық мешітке дейін жалғасты.

Медицина қызметкерлері «Коронавирустан сақтан, үйде бол!» ұранымен көліктерінде арнайы сигнал қоса жүріп, халыққа барынша түсіндірме жүргізді. Бұл акцияның басты мақсаты – әлемді жайлаған коронавирус инфекциясының әрі қарай өршімеуінің алдын алып, тұрғындардың сақтық шараларын сақтап, үйде болуларына үндеу жасау.

Осылайша, тұрғындардың карантиндік талаптарды сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға үндеу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: