Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазасын өтеушілерге АДС-М екпесі салынды

31.07.2026, 14:50 79

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде сотталғандар мен тергеудегі азаматтардың денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде АДС-М екпесі жүргізілді.

Іс-шараға мекеменің бас дәрігері Нұрлан Көжеков және №6 емхананың мейіргері қатысып, айыпталушылар мен жазасын өтеушілерге АДС-М вакцинасын салды. Аталған екпе дифтерия мен сіреспе ауруларына қарсы қорғаныс қалыптастыратын профилактикалық вакцина және ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес әр 10 жыл сайын егіледі. Екпе жұмыстары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылып, вакцина алушыларға алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай профилактикалық шаралар мекемедегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап, азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: