Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалбыз – 101 ауруға ем шөп

13.03.2021, 18:00 2263

HALYQLINE.KZ Көктемгі хош иісті, әрі емдік ерекшелігі мықты өсімдіктердің бірі – жалбыз. Халық арасында бұл өсімдік жүз бір ауруға ем деген сөз бар.

«Ол асқазан ауруы, ұйқысыздық және іш ауруы кезінде таптырмайтын ем. ішек құртын түсіретін емдік қасиеті де бар. Полеартрит, артроз, артрит аурулары кезінде күніне бір уақытта кепкен жалбызды суға салып, шомылу керек. Буын ауруларын емдеуге пайдасы өте зор.

«Жалбыздың жапырағы жүрек ауруына ем. Сондай-а,қ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен бауыр жолының қабынуына қарсы қолданады» деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.

Жалбыз шайы тұмау, етеккірдің дұрыс келмеуі кезінде жақсы көмектеседі. Жалбыз жүрекке қан апаратын қан тамырды кеңейтеді. Яғни жүрек ауруына пайдалы», – дейді «Qazaq» медицина орталығының дәрігері Айдана Қасен.

Жалбыз туралы біз бұрын да жазғанбыз. Оның жапырақтарын кептіріп қойып, жыл бойы шайға қосып ішуге де болады екен. Бұл жайлы да біле жүргейсіздер.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: