Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украинадан дәрі-дәрмек қоры жеткізілді

25.08.2020, 11:00 626

HALYQLINE.KZ Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді. Дәлірек айтар болсақ, аймағымызға «Kusto Group» компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізді.

Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекемелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген. Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы барлық емдеу ұйымдарына сұранысына қарай бөлініп, жеткізілді. Атап айтар болсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілді. Сонымен қатар, 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і – облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына табысталды. Ал Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларына және Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қораптан таратылды.

Осы тұста өңір халқын жұқпалы індеттен емдеуге көмектесетін Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізген «Kusto Group» компаниясына алғысымызды білдіреміз!

Фото ашық дереккөзден алынды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: