Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық жоба аясында 27 медициналық нысан ел игілігіне табысталады

07.12.2023, 11:55 105

Биыл өңірдің денсаулық сақтау саласына 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Өңірде жаңа медициналық нысандар көптеп салынуда. Мәселен, Қызылорда қаласында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млрд теңгеге Қан орталығының құрылысы жүргізілуде.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысан салынады. Оның 15-і жыл аяғына дейін тапсырылады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық халық игілігіне беріледі.
Саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 5,1 млрд теңге бөлінді. Былтырғымен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 3 есе көп.

«Өткен жылы 45 жедел жәрдем көлігі тапсырылса, биыл 25 санитарлық көлік алынуда. Былтырдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен әріптестік байланыстамыз. Қор соңғы екі жылда аймақ медицинасы мен білім саласына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, 1,1 млрд теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған екі жылжымалы медициналық кешен, өзге де құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек алынды. Алдағы жылға да жоспарларымыз бар», – деп хабарлады облыс әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: