Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тырнақ бояуы қауіпті ауру тудырады

07.11.2023, 11:15 486

HALYQLINE.KZ

Қазір әлемдегі адам денсаулығы көптеген факторға байланысты. Соның ішінде нәзік жандылардың жасанды сұлулыққа құмартуы күн санап көбеюде. Өкініштісі, табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейтіні айтылып, дабыл қағылса да, әзірге тыңдар құлақ болмай тұр. Әсіресе, тақырыбымызға арқау болып отырған жасанды тырнақ мәселесі. Сұраныстың артуына байланысты сән салондары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап тұр. Алайда, онда барып маникюрды жиі жасататын болсаңыз, тазалыққа мән бергеніңіз абзал. Себебі, лактың құрамындағы формальдегид, фталат, ацетон сияқты химикаттар тері мен көзді, мұрын мен тыныс алу жолдарын зақымдап, бактериялы инфекция тудырады.

Әрине, ерекше күтімді қажет ететін тырнақтың әдемі болып көрінгені дұрыс та шығар. Алайда, саусақтарымызды әсемдейміз деп, ауру жұқтырып алмағанымыз жөн. Сондықтан сұлулық салонына барғанда, алдымен гигиеналық тазалыққа назар аударған абзал. Сұлулық салонына барғанда шебер сізге маска ұсынбаса, ол жерден тез кетіп қалыңыз немесе өзіңізбен бірге маска ала барыңыз. Себебі, акрилаттардың өзінен гөрі, оларды ерітетін ликвидтің адам ағзасына тигізер зияны көп. Өйткені, тырнақты жапсыру үшін екі сағаттан аса уақыт кетеді. Осы кезде химиялық иіс пен дем алу аллергия тудыруы мүмкін.

Табысты бизнес түріне айналып, кең қолданысқа енген бұл қызметтің құны да арзан емес. «Сұлулықты сатып алғанмен, оның салдарын да ойлаған абзал» дейді білікті маман. Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, тырнақты бояп, оны ультракүлгін сәулемен кептіру қатерлі ауруларға алып келеді.

Арнайы дәрігер мамандардың айтуынша, тырнақ үстіндегі бояу ауа өткізбейді. Ал тырнақ үнемі демалып, өзінен ауа өтіп тұруын қажет етеді. Ауа жетіспеген жағдайда тырнақ саңырауқұлағы, меланома секілді қатерлі аурулар туындайды. Үздіксіз боялатын тырнақтарда мұндай аурулар жиі кездеседі. Тағы бір ескерер жағдай, мұндай тырнақ бояу әдісі жүкті әйелге екі есе қауіпті екен. Сондай-ақ, қазіргі уақытта өршіп тұрған обыр ауруының тууына да осы жасанды тырнақтардың септігі тиеді екен.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, сұлулықты сатып алғанымен, оның салдарын да ойлаған абзал. Тіпті жасанды тырнақсыз жүре алмаса, табиғи тырнақ сау болсын десе, мамандардың кеңесіне құлақ түріп, ұсынылған қадиғаларды есте сақтаған артық болмайды.

Айзере  Жақсыбек,

Нұрсұлу  Жомартқызы,

№145  орта  мектебінің  7-сынып  оқушылары

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: